15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтетін, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекті Қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді.
16-шы қыркүйек күні, отандық «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары жерлесіміз Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі, естеріңізде болса Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.
Сурет: Kazsport.kaztrk.kz сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт