«Манчестер Сити» өз алаңында «Ньюкасл» командасын 2:1 тізе бүктірді.
Ағылшын Премьер-лигасының 4-ші кезеңі аясында өткен ойында, «Манчестер Сити» кездесу басталасалысымен қарсыласының қақпасына бірінен-бірі шабуылдап, ақыры 8-ші минутта Стерлинг гол соғып, есеп басын ашты және ойындағы жылдам голдың авторы атанды. Гол соғып алғаннан кейін алаң иелері ойын қарқынын бәсеңдетіп, допты өз бақылауларын ұстамақ болды. Бірақ, кездесудің 30-шы минутында Йедлин гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.
Ал екінші таймның басында «Манчестер Сити» ойыншылары тағы да жылдам гол соқты. Бұл жолы 52-ші минутта Уокер қарсыластың қақпасына 27 метр қашықтықтан соққы жасап, гол соқты. Одан әрі, қалалықтар ойын тізгінін өз қолдарында ұстап, бір гол айырмашылығымен жеңіске жетті.
«Манчестер Сити» 2:1 «Ньюкасл»
Голдар: 8′ Стерлинг, 52′ Уокер — 30′ Йедлин.
«Манчестер Сити»: Эдерсон — Уокер, Стоунз, Ляпорт, Менди — Фернандиньо, Марез (Гюндоган 76′), Д. Силва (Компани 90′) — Стерлинг, Агуэро, Габриэль Жезус (Б. Силва 58′).
«Ньюкасл»: Дубравка — Йедлин, Лассельс, Фернандес, Кларк (Мерфи 81′), Дамметт — Кенеди (Атсу 54′), Ки Сон Ен, Диаме, Перес — Рондон (Хоселу 73′).
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт