ФИФА ресми сайтында, 2017/18 маусымның қорытындысы бойынша «The Best» сыйлығына таласатын үздік үштікті жариялады.
Бұл үштікке Лука Модрич («Реал Мадрид»), Криштиану Роналду («Реал Мадрид»/«Ювентус») және Мохамед Салах («Ливерпуль») енді. «The Best» сыйлығының марапаттау рәсімі 24-ші қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді.
Айта кетсек, үздік үштікке енген үміткерлердің ішінде былтырғы маусымның қорытындысы бойынша алтын бутса иегері Лионель Месси табылмады.
ФИФА шілде айының соңында жариялаған үздік он ойыншының қатарында үздік үштікке енген үміткерлермен қоса, Харри Кейн («Тоттенхэм»), Лионель Месси («Барселона»), Эден Азар («Челси»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Рафаэль Варан («Реал»), Антуан Гризманн («Атлетико») және Килиан Мбаппе («ПСЖ») секілді ойыншылар болды.
«The Best» сыйлығының жеңімпазын бапкерлер, ұлттық құрама капитандары, тілшілер және жанкүйерлер дауыс беріп анықтайды. Барлық төрт топта да бірдей 25 пайыздық дауыс мөлшері бар.
ФИФА-ның нұсқасы бойынша «The Best» сыйлығын және France Football-дың табыстайтын «Алтын доп» сыйлығын 2016-шы және 2017-шы жылдары Роналду ұтқан.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт