Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / МАРАДОНА МЕКСИКАЛЫҚ КЛУБТЫ ЖАТТЫҚТЫРАТЫН БОЛДЫ

МАРАДОНА МЕКСИКАЛЫҚ КЛУБТЫ ЖАТТЫҚТЫРАТЫН БОЛДЫ

Мексикалық «Дорадос де Синалоа» клубы ресми сайтында Аргентина құрамасының атақты ойыншысы болған, Диего Марадонаны бапкерлік қызметке тағайындағанын хабарлады.

«Дорадос де Синалоа» мексиканың екінші дәрежелі чемпионатында өнер көрсететін клуб. Дәл қазіргі сәтте мексикалық клуб 15 команданың ішінде 13-ші орында келеді.

Бұл клубта, атақты бапкерлердің бірі Хосеп Гвардиола он ойын өткізіп, кейін ойыншы ретіндегі мансабын осы клубта аяқтаған болатын.

Бір айта кететіні, маусым айында Марадона беларуссиялық «Динамо» клубының президенті қыметіне тағайындалған еді.

Бұған дейін, Диего Марадона БАЭ-дегі «Аль-Фуджайра» клубының бас бапкері қызметін атқарған.

Сурет: «Дорадос де Синалоа» клубың Twitter парақшасынан

Сондай-ақ

UFC 228: ТАЙРОН ВУДЛИ — ДАРРЕН ТИЛЛ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Қазақстанда алғаш рет аралас жекпе-жектен әлем бойынша бірінші орында тұрған ұйым UFC-дің UFC 228 додасы …