Бразилия құрамасының бас бапкері Тите капитан жайлы бір шешімге келді.
Бразилия Футбол Конфедерациясының ресми сайтының хабарлауынша, Бразилия құрамасының бас бапкері Тите командасының тұрақты капитаны ретінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймарды тағайындады.
Айта кетер жайт, осы кезге дейін Тите әр кездесу алдында жаңа капитан тағайындап жүрді.
Естеріңізге сала кетсек, Неймар 2018-шы жылғы Әлем чемпионаты кезінде, өзінің Бразилия құрамасының сапындағы 57-ші голын соқты. Оның алдында тек Роналдо (62 голмен) мен Пеле (77 голмен) ғана тұр.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт