Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: АНГЛИЯ — ИСПАНИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: АНГЛИЯ — ИСПАНИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Англия құрамасы Испания құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Бүгін, 8-ші қыркүйектен 9-шы қыркүйекке қараған түні, Англия құрамасы Лондондағы сиымдылығы 90 000-дық «Уэмбли» стадионында, Әлем чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Испания құрамасын қабылдайды.

Қазақстандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.

Айта кетсек, Англия, Испания және Хорватия құрамалары А лигасының 4-ші тобында, өз араларында бірінші орынға таласады.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир басталды, деп ақпараттық …