Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ИБРАГИМОВИЧ ЕГИПЕТТІК КЛУБҚА АУЫСЫ МҮМКІН

ИБРАГИМОВИЧ ЕГИПЕТТІК КЛУБҚА АУЫСЫ МҮМКІН

«Пирамидс» клубы шабуылшы Златан Ибрагимовичті өз сапында көргісі келеді.

36 жастағы швед ойыншысы мұхит аржағында жақсы орналасып алды. Ол «Лос-Анджелес Гэлакси» клубында әрдайым гол соғуда.

Бірақ, оған қарамастан, Златан МЛС чемпионатын кетіп, Египетке аттануы мүмкін, ол жерде оны жергілікті «Пирамидс» клубы өз сапында көргісі келеді.

Кейбір ақпараттар бойынша, «Лос-Анджелес Гэлакси» Ибрагимовичті египеттік клубқа жіберуге келісіпті. «Пирамидс» клубы оған өте жақсы келісімшарт ұсынуға дайын екен.

Осы маусымда МЛС чемпионатында Златан 21 ойында 16 гол соққан.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

«АЯКС» ДЕ ЙОНГТІ 75 МИЛЛИОН ЕУРОҒА ЖІБЕРУГЕ ДАЙЫН

«Аякс» клубы жартылай қорғаушы Френки Де Йонг үшін нақты баға қойды. Мәлімет бойынша, амстердамдық клуб …