Құрлықтық хоккей лигасының 2018-2019 маусымындағы екінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда «Ақ Барсқа» есе жіберді.
Қазанда өткен ойында «Барыс» клубы бес минутта үш шабы жіберіп, 4:3 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, Құрлықтық хоккей лигасының 2018-2019 маусымының бірінші кезеңінде, елордалық «Барыс» хоккей клубы Нижнекамсктың «Нефтехимик» командасына қонаққа барып 1:6 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Келесі ойынын «Барыс» хоккей клубы 9-шы қыркүйек күні Нижний Новгородта «Торпедо» хоккей клубына қарсы өткізеді. Кедесу Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт