Канадалық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясы жаттықтырушы Стефан Ларуштың қызметінен бас тартқан.
Стефан Ларуштың кетуіне байланысты бірнеше Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) пен Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) жаңа бапкер іздеуге мәжбүр болды.
Ал Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) жергілікті маман Марк Рэмсидің қол астында жаттығатын болды. Рэмси, бұрын орта салмақта Әлем чемпионы болған Давид Лемьенің жаттықтырушысы.
Айта кетсек, Батыр Жүкембаев шаршы алаңға 6-шы қазан күні Квебекте оралады, ал Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедов 13-ші қазан күні Монреалда жекпе-жектерін өткізеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт