Басты бет / Басқа түрлер / ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

Ыстықкөлде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның спортшылары алты күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте кестенің екінші қатарына көтерілді.

Қазақстандық 69 медалдың 16-сы алтын, 24-і күміс, 29-ы қола болып тұр. Бүгін тағы да бір-екі алтын қоржынымызға түседі деп күтілуде.

Қырғызстанда 100 медаль болды. Олардың 40-ы алтын, 30-ы күміс, 30-ы қола. Үшінші орында ресейліктер: барлығы 52 медаль.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарға 74 өлкеден және Ресейдің 12 елінен 1986 спортшы қатысуда. Ойындарға 267 төреші қазылық етуде. Көшпенділер ойындары бүгін кешкі сағат 23-те үлкен мерекелік концертпен салтанатты түрде жабылады.

Дереккөз: Egemen.kz

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир басталды, деп ақпараттық …