УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 1-ші ойындары аясында G тобында өнер көрсететін «Реал Мадрид» пен «Рома» кездесу өткізді.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ойында, Чемпиондар лигасының алдыңғы маусымының жеңімпазы «Реал Мадрид» клубы қарсыласы «Рома» клубынан барлық көрсеткіштер бойынша басым түсіп, 3:0 жеңіске жетті.
Қатарынан үш мәрте жеңімпаз атанған корольдік клуб, атағын кезекті рет қорғау жолын сәтті және жеңіспен бастады.
Сондай-ақ, G тобындағы «Виктория» — «ЦСКА» клубтары да өзара кездесу өткізіп, 2:2 есебімен тең тарқасты.
Осылайша, G тобында «Реал Мадрид» үш ұпаймен бірінші, «Виктория» мен «ЦСКА» бір-бір ұпаймен екінші және үшінші, ал «Рома» ұпайсыз соңғы орында тұр.
«Реал Мадрид» 3:0 «Рома»
Голдар: Иско, 45, Бэйл, 58, Диас, 90+1.
«Реал Мадрид»: Навас — Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело — Модрич (Себальос, 85), Каземиро, Кроос — Иско — Бэйл (Диас, 73), Бензема (Асенсио, 62).
«Рома»: Ольсен — Флоренци, Манолас, Фасио, Коларов — Дзаньоло (Пеллегрини, 54), Де Росси, Нзонзи (Шик, 69) — Ундер, Джеко, Эль Шаарави (Перотти, 62).
Сурет: UEFA.com сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт