Басты бет / Әлем / СҮЙІМБАЕВТЫҢ ГОЛЫ ҮЗДІК-10 ГОЛ ҚАТАРЫНДА

СҮЙІМБАЕВТЫҢ ГОЛЫ ҮЗДІК-10 ГОЛ ҚАТАРЫНДА

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында асқан шеберлікпен ең әдемі соғылған голдардың ондығын жариялады. Бұл үздік голдар қатарына қазақстандық футболшы Ғафуржан Сүйімбаевтың голы да енген.

Жартылай қорғаушы үздік ондыққа енген голын Дания құрамасының қақпасына соққан. Копенгагенде өткен ойында Ғафуржан 35 метрдей қашықтықтықтан тура соққы бағыттап алаң иелері қақпашысын қапы қалдырған еді. Алайда ойында дат футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жеткен-ді.

Еуропадағы іріктеу кезеңіндегі үздік голдар қатарына Себастьян Руди, Эмре Джан (екеуі де — Германия), Костас Митроглу (Грекия), Маркус Берг (Швеция), Алехандре Мартинес (Андорра), Павел Савицкий (Белорусь), Александер Ринг (Финляндия), Аксель Витсель (Бельгия) және Оливье Жирудың (Франция) голдары енген.

Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Е» тобында 3 ұпай еншілеп, соңғы орында қалған болатын. Ресейдегі додаға Польша құрамасы тікелей жолдама алған еді.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

РУСЛАН МӘДИЕВ ОН БІРІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Руслан Мәдиев (11-0-0, 5КО) кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді  …