Басты бет / Кәсіпқой бокс / БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ СОНДЕРС ПЕН ЛЕМЬЕНІҢ БОКС КЕШІНДЕ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ СОНДЕРС ПЕН ЛЕМЬЕНІҢ БОКС КЕШІНДЕ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

Қазақ боксшы Батыр Жүкембаев 16 желтоқсанда Лавал қаласының «Place Bell» аренасында өтетін бокс кешінің андекартында шаршы алаңға шығады.

Сол кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье қолғап түйістіреді.

Батырдың да қарсыласы анықталды. Бұл кездесуде Жүкембаевқа қарсы 22-жастағы америкалық боксшы Уилберт Лопес шығады. Уилберт кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, оның 20 жекпе-жегінде жеңіске жеткен және 8 рет жеңіліс тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев (10-0, 9 КО) осы жылының сәуір айында мексикалық Косме Ривераны техникалық нокаутпен жеңіп, «IBO international» белбеуіне ие болды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

АРМАН ОСПАНОВ — РАСУЛ МИРЗАЕВ СУПЕР ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Absolute Championship Berkut промоушені, отандасымыз Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Расул Мирзаев (17-1) сегізбұрышта кездеседі …