Басты бет / Әлем / ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ UFC 229 ДОДАСЫНДА КОНОР МАКГРЕГОРДЫ ЖЕҢДІ

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ UFC 229 ДОДАСЫНДА КОНОР МАКГРЕГОРДЫ ЖЕҢДІ

UFC 229 додасында аралас жекпе-жектен ғасыр жекпе-жегіне баланған кездесуде Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор кездесіп, Хабиб қарсыласы Конорды төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды.

Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-да өткен кештің басты жекпе-жегі толығымен дағыстандық жауынгер Хабиб Нурмагомедовтың басымдылығымен өтті. Жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихаттарында және сұхбаттарында қарсыласына тіл тигізумен болған ирландиялық Конор МакГрегор, бұл жолы сегізбұрышта ештеңе де істей алмады. Жұдырықтасу жағынан болсын, күрес жағынан болсын Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегордан алда жүрді. Жекпе-жектің әр раундтында Конорды партерге құлаттып алып, соққының астына алған Хабиб, төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Хабиб Нурмагомедов өзіне, дініне және ұлтына Конор МакГрегормен бірге тіл тигізіп жүрген оның командаласына жұдырық ала жүгірді. Сегізбұрыштың ішінде де Конор мен Хабибтің командаластары төбелесіп қалды.

Енді атлетикалық комиссия Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың және олардың командаластарының әрекеттерін қарастырып, алда нақты бір шешімді шығарады.

Сондай-ақ

ҚХЛ: «АВАНГАРД» — «БАРЫС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы он бесінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізеді. …