Басты бет / Әлем / ЖАҢА КОМАНДАСЫНДА ЖАҢА ОЙЫН КӨРСЕТІП ЖҮРГЕНДЕР

ЖАҢА КОМАНДАСЫНДА ЖАҢА ОЙЫН КӨРСЕТІП ЖҮРГЕНДЕР

Биылғы футбол маусымы да бел ортасына келді. Командалар маусым барысында өз ойындарын тауып, тактикаларын жаңартып үлгерді. Футбол лигаларында мықтылар іріктеліп, чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті. Осы орайда, үздіктердің үздік ойын көрсетуіне ықпал етіп жүрген әрине, командалардың жазғы трансферлік терезеде жасаған тиімді ауысымдары. Су жаңа ойыншыларды өз қатарына қосқан командалардың бірқатарының жаңа ойыншылары өз ойындарын көрсете алмаған болса, ал кейбір үміт күттірмеген ойыншылар футбол аспанында өз жұлдызын жағып жатыр. «dodasport.kz» порталы сіздерге осы трансферлік терезеде жаңа командаға ауысып, өз ойынын жаңа қырынан көрсетіп жүрген 7 ойыншыны хабарлайтын болады.

 

Сеад Колашинац «Шальке 04» — «Арсенал» (трансфер құны: тегін)

Венгер әдеттегідей «Арсенал» жанкүйерлеріне көп миллионды жаңа жұлдыз уәде етіп, оны орындай алмады. Арсенал сапына «Ляказзет», «Колашинац» секілді персективті бірақ, жұлдыз статусы жоқ ойыншылар келген кезде жанкүйерлер ызалана түсті. Өйткені, чемпиондық аттаққа таласатын басқа командалар өз қатарына, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы Моратаны, АПЛ-дың азулы шабуылшысы Лукакуды, Лига 1-дегі көптің қалауы болған маржан Бернардоны қосып жатырған кезде, Бундеслиганың «Шальке» секілді ортаң қол командасынан жасаған Арсеннің тегін ауысымы әрине әлсіз көрінді. Жанкүйерлер Ляказзеттен үміт күткенімен, екінші айтылған жаңа ойыншыдан айтарлықтай нәтиже күтпеді. Бірақ, дебютті матчында «Челси» қақпасына гол соққан Колшинац «зеңбірекшілерге» өзінің қандай мақсатпен келгендігін көрсете бастады.  Су тегін ауысқан Колашинац, АПЛ-дегі қомақты соммаға ауысқан ойыншыларға қарағанда әдемі әрі сапалы ойын өрнегін көрсетіп жүр.

Картинки по запросу сеад колашинац арсенал

 

Жоффрей Кондогбья «Интер» — «Валенсия» (трансфер құны: аренда)

Футбол  жанкүйерлері, болашақта әлемінің жарық жұлдызы болатынына сенім білдірген Кондогбья «Интер» сапына ауысқаннан кейін ойын сапасы төмендеп, тіпті негізгі құрам ойыншысы атағынан да айырылып қалды. Тағы бір талантты тағдыр сынына алды деп жүрген кездегі Жоффрейдің «Валенсия» сапын толықтыруы ешкімді елең еткізбеді. Өйткені, жарқырап барып сөніп қалған жұлдыздың қайта жануы мүмкін емес деп ойлады. Бірақ, тек Кондогбья емес. Жаңа ауысымынан жаңа тыныс алған жас француз «Валенсияның» ойынына жан бітіріп, орталық шепте команда капитаны Дани Парехомен керемет дует құрап алды. Бүгінгі, Испания чемпионатындағы «Валенсияның» алдыңғы орыннан көрінуінің бірден-бір себебі ол әрине Жоффрей Кондогбья.

 

Мариано Диас «Реал Мадрид» — «Лион» (трансфер құны: 8 миллион еуро)

Жазғы трансферлік терезеде «Мадридтік Реал» командасынан көптеген ойыншылар кеткен болатын. Солардың бірі Мариано Диас. 5 жыл Мадридтік футбол жүйесімен өтіп келген талантты футболшы, Реалдың негізгі құрамына іліге алмады. Бірақ Мариано, франциялық клуб «Лион» қатарын толықтырғаннан кейін, аяқ доп әлеміне өз атын қалдырғысы келетінін ойынымен көрсетті. Шабуыл шепінде азулы үштіктің біреуіне айналып, биылғы маусымда 10 голдан көп соқты. Бұл дегеніміз, Лионның трансферлік біліктілігін көрсетеді. Айтулы ауысым, жас талант Марианоға да, Лига 1-дегі жағдайы мәз емес Лионға да пайдалы болғандығы анық.

 

Ричарлисон «Флуминенсе» — «Уотфорд» (трансфер құны: 11,5 миллион фунт)

Ағылшын Премьер-Лигасы өз қатарына ауысатын жаңа бразилиялық ойыншыны көргенде, жұлдызды елестеткенімен, болашағынның жарқын боларына күмәнмен қарайды. Өйткені, индивидуалдық қасиеттерімен танылған бразилиялық футболшыны, қатал әрі қатты ағылшын футболы ұната қоймайды. Бірақ, Ричарлисон бұл сөздерге қарсы пікір айта білді. Марку Сильваның жаңа «Уотфордына» келіп, бірден команданың белді ойыншысына айналып үлгерді. Ағылшындық клубтың барлық шабуылшы осы Ричарлисон арқылы жүреді десек қателік емес. Бұған дәлел, бразилиялықтың  статистика бойынша қарсылас қақпасының алдында ең көп қауіпті сәтті ұйымдастыратындығыны. Жас аяқ допшы осы қалпымен әрі қарай жалғастыратын болса, болашақта футбол әлеміне тағы бір бразилиялық өз атын қалдырады дегенді білдіреді.

Картинки по запросу ришарлисон уотфорд

 

Симоне Дзадза «Ювентус» — «Валенсия» (трансфер құны: 16 миллион фунт)

Алдыңғы маусымда «Ювентустен» жалға алынған Дзадза Испания чемпионатының 20 ойынында тек 6 гол соғып, «жарқанаттар» жанкүйерлерін қуанта қоймады. Орташа көрсеткішіне қарамастан футболшыға сенім білдірген «Валенсия» ойыншыны осы маусымда толықтай сатып алды. Артылған сенімге Дзадза да жақсы жауап қайтарды. Бас бапкер Марселино шабуылшыға қанат бітіргендей болды. Чемпионатта Дзадзадан тек Месси көп гол соқты. Симоне гол авторы атанған матчта «Валенсия» ұтылып көрмеген. Бұл дегеніміз, Дзадзаның қайта өркендеп келе жатқан «Валенсияның» бойтұмары атанғанын айқындап тұр.

Похожее изображение

 

Гонсало Гедэш «ПСЖ» — «Валенсия» (трансфер құны: аренда)

Бұл тізімдегі «Валенсияның» үшінші ойыншысы Гонсало Гедэште жаңа командасында жаңа ойын өрнегімен көзге түскен кезекті футболшы. 2017 жылдың қысқы трансферлік терезе уақытында «ПСЖ» сапына 30 миллион еуроға ауысқан Гонсало жарты жылдың ішінде бас бапкер Унаи Эмериге ештеңе көрсете алмады. Салын суға кетірмеген Гедэш бірінші мүмкіндіктен-ақ жаңа клубта жарқырай бастады. Әрбір екінші матчта пайдалы әрекет (гол+пас) және әр матч сайын тудыратын 3 қауіпті пас талантты португалдық ойыншы Гонсалоның клуб таңдауда қателеспегендігін көрсетеді.

 

Паулиньо «Гуанчжоу» — «Барселона» (трансфер құны: 40 миллион фунт)

2017 жылдың жазғы трансферлік терезесінде бір бразилиялық жұлдызынан айырылған «Барселона» қатарына тағы бір жұлдызды бразилиялықты қосты. Алайда, бұл трансферлік ауысым «Барселона» жанкүйерлерін қуанта қоймады. Өйткені, 30-ды еңсерген футболшы «Барса» секілді алып командаға қандай пайда береді?- деген ойда болды. Бірақ, ойыны өзгелерге ұқсамайтын Паулиньо трансфер сәтінен бастап командадағы ең белді ойыншысы атанбаса да, сол белділердің бірі болып кетті. Чемпионаттағы екінші ойынында «Хетафе» қақпасына жеңіс голын соққан Паулиньо испаниялық клубқа жәй ғана келмегенді туралы хабар берді. Бас бапкер Эрнесто Вальверденің сүйікті ойыншыларының біріне айналған Паулиньо футбол әлеміне, 30-жастан асып бара жатырғанның өзінде, футбол мансабын жаңа парақтан бастауға болатындығын дәлелдеді.

Картинки по запросу паулиньо барселона

Сондай-ақ

РУСЛАН МӘДИЕВ ОН БІРІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Руслан Мәдиев (11-0-0, 5КО) кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді  …