Басты бет / Қысқы спорт / МЕДАЛЬ КҮТІҢІЗДЕР — ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА

МЕДАЛЬ КҮТІҢІЗДЕР — ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қазақстанның туын көтеру рәсімінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева медальдан үмітті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі арнайы Пхенчханнан.

Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған қазақстандық спортшылардың ішінде медаль алуға басты үміткерлердің бірі — могулші Юлия Галышева.

Ол бүгін ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында өзінің мүмкіндігі туралы айтып өтті.

— Олимпиадаға қаншалықты дайынсыз?

— Олимпиадаға жүлде үшін келдім. Бұйырса, меннен медаль күтіңіздер.

— Өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?

— Мен қазір нағыз бабымдамын. Бұйырса тек медаль үшін сайысамын. Осыған дейін әлем кубогының төрт кезеңінде бағымды сынадым. Барлық кезеңдегі көрсеткішім көңілімнен шықты. Бұл кезеңдер Олимпиада алдындағы басты сынақ болатын.

— Бұйырса сізді Олимпиадада жеңіс тұғырынан көреміз бе?

— Солай болуын тілей беріңіздер. Қазір бабымдамын, тек бағым шапса болғаны.

— Өз мүмкіндігіңізді шамалап көрген сияқтысыз…

— Иә, бірінші орын демесек те, екінші, үшінші орындар үшін таласуға болады.

— Әңгімеңізге рахмет. Өзіңіз ойлаған биікті бағындыруға тілекшіміз…

Еске сала кетсек, Юлия Галышева 9 ақпанда (жұма) фристайл-могулден біліктілік жарысына қатысады.

Дереккөз: inform.kz

Сондай-ақ

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады. Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий …