Басты бет / Әлем / «КАНЕЛО»-ДАН ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА ДОПИНГ СЫНАМАСЫ АЛЫНДЫ

«КАНЕЛО»-ДАН ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА ДОПИНГ СЫНАМАСЫ АЛЫНДЫ

WBC президенті Маурисио Сулейман, Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы екінші жекпе-жек алдында, Канелодан алыған допинг сынаманың нәтижесін жариялады.

13-ші шілде де Канелодан алынған сынамада ешқандай тиым салынған зат табылмады.

«WBC қазір ғана VADA-дан 13-ші шілде де «Канелодан» допинг сынаманың есебін берді. Теріс нәтиже» — деп, Маурисио твиттер парақшасында жазды.

Естеріңізге сала кетсек, 5-ші мамырға жоспарланған Канело мен Головкиннің екінші жекпе-жегі алдында, Сауль Альварестің допинг сынамалары екі мәрте кленбутеролға оң нәтиже көрсетіп, алты айға шеттетілген еді. Енді, екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек Лас-Вегастағы (Невада штаты) «T-Mobile Arena»-да өтеді.

Сондай-ақ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ҮШІНШІ ЖЕҢІСІНЕН КЕЙІН ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫ ӨРЛЕДІ

Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО), Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында өткізген кәсіпқой бокстағы үшінші …