Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылардың тізімі жарияланды.

Дзюдо шеберлерінің сайыстары 29-шы тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары жылдың басты додасына қатысу үшін 25-шы тамыз күні Индонезияға аттанады.

«Қазіргі таңда Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Жақсы» спорт базасында Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін өткізіп жатыр. Жаттығу жиынында Азия ойындарына қатысатын барлық дзюдошылар бар. Біз оларды 2018 жылдың басынан бастап өткен Гран При, Grand Slam сынды ірі жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай іріктеп алдық. Ұлттық құрамадағы спортшылардың тыңғылықты дайындықтарына қарап, Азия ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені жоспарлап отырмыз», — дейді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов.

Жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдо шеберлерінің тізімі:

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 келі)

Елдос Жұмақанов (-66 келі)

Жансай Смағұлов (-73 келі)

Дидар Хамза (-81 келі)

Ислам Бозбаев (-90 келі)

Виктор Демьяненко (-100 келі)

Санжар Жабборов (+100 келі)

Ерасыл Қажыбаев (mix)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 келі)

Камшат Қарасайқызы(-52 келі)

Севара Нишанбаева (-57 келі)

Иоланта Бердибекова (-63 келі)

Зере Бектасқызы (-70 келі)

Зарина Райфова (-78 келі)

Гүлжан Исанова (+78 келі)

Дереккөз: Дзюдо Федерациясының ресми сайты

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …