Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: СЕРГЕЙ ТОКАРНИЦКИЙ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

АЗИАДА-2018: СЕРГЕЙ ТОКАРНИЦКИЙ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ескек есушілер Қазақстанға тағы бір жүлде сыйлады. Байдаркамен 200 метрге жарысуда Сергей Токарницкий күміс жүлдегер атанды.

Сергейдің уақыт көрсеткіші – 35.745 секунд. Жеңімпаз атанған қытайлық спортшының нәтижесі – 35.373. Қола жүлде Сингапур өкіліне бұйырды.

«Өкінішке қарай, күміс жүлде… Бірақ еш мойымаймын. Алдағы Азия ойындарында немесе басқа да ірі жарыстарда алтын алуға тырысамын. Барлық Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз», — деді Токарницкий.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы сында Инна Клинова чемпион атанды.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГЕРМАНИЯ — ФРАНЦИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Германия құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 6-шы қыркүйектен …