Басты бет / Басқа түрлер / ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қырғызстанда ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 4-ші күні өтуде.

Ел құрамасы 32 медаль жеңіп алды, оның 9-ы алтын, 9-ы күміс және 14-і қола медаль.

Жалпы медаль саны бойынша жарыс иелері 43 медальмен бірінші, Ресей 24 медальмен екінші, ал Қазақстан 32 медальмен үшінші орында келеді.

Сондай-ақ, бүгін көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейдің Красноярск командасын 15-3 есебімен ойсырата ойсырата жеңді.

Көшпенділер ойындары 8-ші қыркүйекке дейін жалғасын табады. Барлығы 80 елдің өкілдері 37 спорт түрінен 600 медальді сарапқа салуда.

Сурет: «Qazaq_sports» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

БРАЗИЛИЯ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУДЕ АҚШ ҚҰРАМАСЫН ЖЕҢДІ

Жолдастық кездесуде Бразилия құрамасы америкалықтарды жеңді. Футболда халықаралық үзіліс кезінде Бразилия құрамасы Нью-Джерси штатында, АҚШ …