Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ ЖАҢА БАПКЕРДІҢ ҚОЛ АСТЫНДА АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ ЖАҢА БАПКЕРДІҢ ҚОЛ АСТЫНДА АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Англия құрамасы Испания құрамасы ойын өткізді.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен ойында, Әлем чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Испания құрамасы Англия құрамасын 1:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұл Испания құрамасының жаңа бапкер Луис Энрикенің қол астындағы алғашқы ресми ойыны, әрі жеңісі.

Гарет Саутгейтің командасы ойын барысында қорғаушысы Люк Шоуды алмастыруға мәжбүр болды, себебі Люк допқа талас кезінде Испания ойыншысы Даниэль Карвахальмен абайсызда соқтығысып, алаңнан ес-түссіз зембілмен шығарылды. Бірақ, кейінірек Люк Шоу өзінің твиттер парақшасында барлығы жақсы екенін хабарлады.

Енді, Испания құрамасы А лигасының 4-ші өз тобындағы Хорватия құрамасымен кездессе, ал Англия құрамасы Швейцария құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Англия 1:2 Испания

Голдар: Рашфорд, 11 — Ньигес, 13, Родриго, 32.

Англия: Пикфорд — Стоунз, Гомес, Магуайр — Триппьер, Хендерсон (Дайер, 64), Алли, Лингард, Шоу (Роуз, 54) — Рашфорд (Уэлбек, 90+4), Кейн.

Испания: Де Хеа — Карвахаль, Начо, Рамос, Алонсо (Мартинес, 87) — Ньигес, Бускетс, Тиаго (Роберто, 80) — Иско, Родриго, Аспас (Асенсио, 68).

Сондай-ақ

«АЯКС» ДЕ ЙОНГТІ 75 МИЛЛИОН ЕУРОҒА ЖІБЕРУГЕ ДАЙЫН

«Аякс» клубы жартылай қорғаушы Френки Де Йонг үшін нақты баға қойды. Мәлімет бойынша, амстердамдық клуб …