Басты бет / Басқа түрлер / ОЛЬГА РЫПАКОВА ІAAF ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ОЛЬГА РЫПАКОВА ІAAF ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

Чехияның Острава қаласында ІAAF Құрлықтық Кубогі басталды. Әлемдік додаға жер жүзіндегі ең үздік деген жеңіл атлеттер тегіс қатысып, өз құрлықтарының намысын қорғауда.

Қазақстанық Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина Азия және Океания аймағының құрамына енген болатын.

Үш қарғып секіруден сынға түскен Ольга Рыпакова екінші орын иеленді. Ол 14.26 метрге секіріп, Азиададағы көрсеткішін қайталап отыр.

Рыпакованың алдын ораған колумбиялық Катрин Ибаргуэннің көрсеткіші — 14.76 метр. Үшінші орынға Еуропа атынан жарыс жолына шыққан Параскеви Папахристу (Грекия) ие болды. Ол 14.22 метрге секірген.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

UFC FIGHT NIGHT 136: МАРК ХАНТ — АЛЕКСЕЙ ОЛЕЙНИК ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 15-ші қыркүйек күні, Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен UFC FIGHT NIGHT 136 додасы өтеді. UFC …