Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің президенті Маурисио Сулейман, отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдындағы кезекті допинг сынамаларынан сәтті өткенін хабарлады.
«WBC ұйымы, VADA-дан Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 22-ші тамызда тапсырған сынамалары таза екендігі жайлы хабар алды. Таза бокс бағдарламасы», — деп Маурисио твиттер парақшасында жазды.
Естеріңізге сала кетсек, 5-ші мамырға жоспарланған Канело мен Головкиннің екінші жекпе-жегі алдында, Сауль Альварестің допинг сынамалары екі мәрте кленбутеролға оң нәтиже көрсетіп, алты айға шеттетілген еді.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт