«Испания Вуэльтасы» барған сайын қиындап барады. Екінші күн қатарынан таулы кезең өтті. Мигель Анхель Лопес жеңіске бір табан жақын болды. Ол Навадағы Лес Праэрес шыңында өткен 14-кезеңде екінші орын иемденді. Ол бірнеше шабуылдар жасап, британиялық Саймон Йейтске небәрі 2 секунд жеңіліп қалды.
Чистьернеде басталған 14-кезең өте ауыр бағытта еді. Себебі, жол бойында 3,5 шақырымға созылатын 24% градиенті бар Лас-Праэерс шыңы бар еді.6 шабандоздан тұратын топ алға озып шығып, пелетонды артқа тастады. Алайда, олар шыңға жеткенде ұсталып қалды. Одан кейін бірнеше команда қарқынды күшейтіп, басты есептің лидері Хесус Эрраданы қалдырып кетті.
Соңғы белесте көптеген шабуылдар орын алғанымен, ешкім де үлкен басымдылық ала алмады. Тек соңғы метрлердегі Саймон Йейтстің шабуылы нәтиже беріп, ол Мигель Анхель мен Алехандро Вальвердеден 2 секундқа басым болды.
Йейтс жалпы есептің жаңа көшбасшысына айналды. Ол вальвердеден 20 секунд, Наиро Кинтанадан 25 секунд, ал Лопестен 47 секунд озып тұр. Ал Лопес болса осы кезеңнен кейін 4-орынға көтерілді. Сонымен қатар «Астана»капитаныжастар классификациясында сенімді лидер болып тұр.
«Вуэльтаның» екінші аптасы Рибера-де-Аррибада басталатын 15-кезеңмен өріледі. Оның мәресі Лагос-де-Ковадонга (178,2 км) жерінде өтеді.
Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан
Дереккөз: AstanaProTeam.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт