УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында H тобындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Валенсия» ойын өткізеді.
Кездесу 2-ші қазаннан 3-ші қазанға қараған түні, Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:50-де, ал «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл кездесуге словениялық маман Славко Винчич өз тобымен төрелік ететін болады.
Ал H тобындағы «Ювентус» пен «Янг Бойз» арасындағы кездесу, Турин қаласындағы «Ювентус Стэдиум» стадионында өтеді.
Айта кетсек, 1-ші кезеңде «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Янг Бойзты» 0:3 есебімен жеңсе, ал «Валенсия» өз алаңында «Ювентуске» 0:2 есебімен есе жіберді.
Жалпы бүгін H тобындағы екі ойыннан бөлек, F, E және G топтарындағы ойындар өтеді. F тобында «Хоффенхайм» — «Манчестер Сити» және «Лион» — «Шахтер» клубтары, E тобында «АЕК» — «Бенфика» және «Бавария» — «Аякс», G тобында «Рома» — «Виктория» және «ЦСКА» — «Реал Мадрид» клубтары 2-ші кезеңдегі ойындарын өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан