Жеңіл атлетика — DodaSport | Әлем және Қазақ спорты http://www.dodasport.kz Спорт Wed, 02 May 2018 17:12:44 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.9.6 /wp-content/uploads/2016/07/cropped-doda-1-813x1024-1-32x32.png Жеңіл атлетика — DodaSport | Әлем және Қазақ спорты http://www.dodasport.kz 32 32 ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ /archives/13088 /archives/13088#respond Wed, 07 Feb 2018 16:52:05 +0000 /?p=13088

Иран астанасы Тегеран қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында әйелдер арасында 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Әйгерім Шыназбекова жеңіске жеткен болатын. Бір айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан қазақ қыздары арасында бұрын-сонды ешкім құрлықта чемпион атанбаған. Жарыстан кейін Әйгерімді әңгімеге тарттық.

– Өте қуаныштымын. Тезірек жүгіруге тырыстым. Бүгінгі көрсеткен нәтижем – 8.32 секунд. Бұл да жаман емес. Бірақ одан да жылдам жүгіру қажет. Тіпті, әлем чемпионатының нормативінен де асып түссем деп ойлаймын. (жымиып). Неғұрлым жылдам жүгірген сайын соғұрлым жақсы. Сондықтан көп жұмыс істеу керек.

– Жарыс алдында қандай жоспарыңыз болған еді?

– 8.20 секунд көлемінде жүгірсем деп ойлаймын. Енді алда Өскемен Қазақстан кубогының екінші кезеңі мен финалы бар. Сол кезде әлем чемпионатының нормативін орындауға тырысамын (норматив –8.14 с – ред).

– Жеке рекордыңыз қандай?

– Дәл осы 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жеке рекордым – 8.24 секунд. 2016 жылы тіркелген.

– Әйгерім, бұл сіздің Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіңіз ғой?

– Халықаралық дәрежедегі ең бірінші наградам, жеңісім. Сондықтан көңіл күй өте керемет. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Алдағы уақытта жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетсем деп үміттенемін. Ол жарысқа дайындалу үшін екі рет Түркияға оқу-жаттығу жиындарына барамыз.

– Ал жалпы сіздің спортық карьераңыздағы арманыңыз қандай?

– Шынын айту керек, кез келген спортшы Олимпиада ойындарында баруды армандайды. Төрт жылдықтың басты додасында жоғары нәтиже көрсетіп, елімнің намысын лайықты қорғағым келеді. Әрине, біздің сайыста бәсекелестік өте жоғары екенін жақсы түсінемін. Бірақ әрдайым үздік болуға ұмтылу қажет. Ең болмаса әлемдік жарыста үздік ондыққа еніп жатсам да жаман болмас еді. Генерал болуды армандамаған солдат солдат емес дейді ғой.

– Спорттан өзге қандай хоббиіңіз бар?

– Уақытымның көп бөлігі жаттығу мен жарыстарға арналған. Реті келгенде жаңа сән әлемінің жаңалықтарын қарап отырамын, бренд киімдерді жақсы көремін. Болашақта мүмкіндік болып жатса, өзімді дизайнер ретінде сынау жоспарымда бар. Кез келген қыз жақсы асханада дәмді ас дайындағанды армандайды ғой. Менде пайдалы әрі дәмді тағамдар әзірлегенді жақсы көремін

Дереккөз:kazathletics.kz
]]>
/archives/13088/feed 0
ЖАБЫҚ КЕШЕНДЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ /archives/13040 /archives/13040#respond Fri, 02 Feb 2018 07:55:14 +0000 /?p=13040

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақтан жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

1 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада тек қыздар өнер көрсетті. 3000 метрге жүгіруден қостанайлық Татьяна Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Ол 3 шақырымды 9 минут 33.65 секундта жүгіріп өтті. Сөйтіп, екінші орындағы қырғыз спортшысы Гүлшана Сатаровадан 14 секундқа озып кетті. Қола жүлде Вьетнамнан келген Тхи Оан Нгуенге бұйырды.

– Бұған дейін екі мәрте жабық кешендегі Азия чемпионатында 800 метрге жүгіріп, қола жүлде еншілегенмін. Осы жолы чемпион болу бақыты бұйырды. Әрине, алтынның әсері басқа, қуаныштымын. Осы жолы дайындығым өте жақсы болды. Енді 1500 метрде де жеңіске жетуді көздеймін. Сосын тамыз айында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындаламын», – дейді Татьяна Нерознак.

Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды үш қарғып секіруден Ирина Эктова салды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасының Тегерандағы ең үздік көрсеткіші – 13.79 метр. Эктова 2018 жылды жоғарғы қарқынмен бастады. Ол бұған дейін қаңтар айында Өскеменде өткен үш жарыста топ жарған болатын. Екінші орынға – 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Шина Нелликал тұрақтады (13.37 м). Үздік үштікті 13.22 метрмен Тхи Тху Тхао (Вьетнам) түйіндеді. Ал тағы бір қазақстандық атлет Мария Овчинникова төртінші орынды қанағат тұтты –13.00 метр.

– Өзге елде Қазақстанның әнұранын шырқап, еліннің туын көкке көтергенде ерекше әсерде боласың. Бұл сәттегі эмоцияны айтып жеткізу қиын. Нәтижем аса жоғары да төмен де емес, орташа десем болды. Сондықтан бүгінгі көрсеткен өнеріме +4 деген баға қоямын. Енді ұзындыққа секіруден қатысамын. Шамам келгенше Қазақстан құрамасына тағы бір жүлде сыйласам деп үміттенемін», – дейді үш қарғып секіруден 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы Ирина Эктова.

Биіктіккке cекіруден Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Надежда Дубовицкая қола жүлдеге қол жеткізді. Жерлесіміз Тегеранда 1.80 метрді бағындырды. Негізі жергілікті спортшы Сепидех Таваколидің де көрсеткіші Надеждамен бірдей болғанымен, ол қосымша көрсеткіштер арқасында күміс жүлдеге ие болды. Ал өзбекстандық Надия Дусанова 2018 жылғы жабық кешендегі Азия біріншілігінің чемпионы атанды (1.87 м).

Сондай-ақ  60 және 400 метрге жүгірген қыздарымыз финалға шықты. Ең қысқа қашықтықта Рима Кашафутдинова мен Виктория Зябкина өнер көрсетсе, 400 метрде Элина Михина мен Светлана Голендова бар. Ерлерден 400 метрге финалда Михаил Литвин жүгіреді. Ол бүгін іріктеу кезеңін 48.35 секундта жүгіріп өтті.

]]>
/archives/13040/feed 0
ОЛЬГА РЫПАКОВА «ГАУҺАР ЛИГАНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗЫ /archives/11634 /archives/11634#respond Fri, 25 Aug 2017 09:16:01 +0000 /?p=11634

Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында өткен 2017 жылғы «Гауһар лиганың» бірінші финалдық кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова чемпион атанды, — деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы.

Цюрихтегі финалдық кезеңде  Ольга Рыпаковадан бөлек, жақында ғана Лондонда әлем чемпионы атанған Юлимар Рохас (Венесуэла), Рио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), 2014 жылы жабық кешендегі әлем чемпионатыныңқола жүлдегері Кимберли Уильямс (Ямайка), 2016 жылғы Еуропа чемпионы Патрисия Мамона (Португалия), 2015 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы Анна Князева-Миненко (Израиль), 23 жасқа дейінгі  2017 жылғы Еуропа чемпионы  Елена-Андреа Пантуриу (Румыния), Универсиада ойындарының жүлдегері Анна Ягачак (Польша) қатысты.

Жерлесіміз Ольга Рыпакова осы маусымда алғаш рет Юлимар Рохас пен Катерине Ибаргуэнді басып озып, «Гаухар лиганың» чемпионы атанды. 2012 жылғы Олимпиада чемпионы 14,55 метрге секірді. Әлем чемпионы Юлимар Рохас 14,52 метрмен екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікке 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы 14 48 колумбиялық Ибаргуэн бар.

Биылғы жылы үш қарғып секіру сайысы Рим, Рабат, Монако және Бирменгем қалаларындағы кезеңдерде болды. Финалда іріктеу кезеңіндегі ұпайлар ескерілмейді Әрбір сайыс бойынша жеңімпаз атанған 50 мың АҚШ долларына ие болады. Бүгінгі жеңісінің арқасында қазақстандық спортшы осындай қомақты қаржыға қол жеткізді.

24 тамыз. «Гауһар лига». Цюрих.

Үш қарғып секіру (әйелдер), финал:

1.     Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,55 м

2.     Юлимар Рохас (Венесуэла) – 14,52 м

3.     Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14,48 м

]]>
/archives/11634/feed 0
ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ НАШАР /archives/11445 /archives/11445#respond Mon, 14 Aug 2017 06:51:12 +0000 /?p=11445

Жеңіл атлетикадан ХVІ әлем чемпионаты аяқталды. 10 күн бойы төрткіл дүние үздіктерімен Қазақстан спортшылары да сынға түсті.

Лондондағы әлем чемпионаты аяқталған бетте Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Григорий Егоровты тілге тартып, бүкіләлемдік біріншілікті қысқаша қорытындылап, біздің спортшылардың нәтижелеріне баға беруін өтінген едік.

Біз әлем чемпионатында спортшыларымыздың әлеуетін, өзімізді деңгейімізді бағамдап біле алдық. Біздің ұлттық құрамамен жұмыс жасап жатқанымызға үш ай болды. Бұл уақыт ішінде жалпы жағдай түсінікті бола бастаған. Ал Лондондағы әлем чемпионаты біздің бүгінгі жағдайымызды тайға таңба басқандай етіп, айқындап берді.

Маймөңкелемей, шындықты бетке айтар болсақ, жағдайымыз – өте нашар, тым мүшкіл. Деңгейіміз құлдырап, әлдеқайда төмен түсіп кеткен. Бар сенгеніміз де, иек артқанымыз да – Ольга Рыпакова. Ол болмаса, бүкіл әлем Қазақстанның осы әлем чемпионатына қатысқанын білер ме еді?! Ольга болмаса, Лондоннан ауызды құрғақ шөппен сүртіп қайтар едік.

Мен бұл жерде спортшыларды кінәлай алмаймын. Бар кінәрат – жүйеде! Баз біреулерге қолайлы ма, білмеймін, бірақ бір таң қаларлығы, талап мен нормативтер жұмсартылып, төмендетіліп жіберген. Сол себеті деңгейіміз төмендеп кеткен.

Біз осыны түзеуіміз керек. Талапты күшейту керек. Спортшылар аз, жас жаттықтырушылар жоққа тән. Мысалы, көпсайыстан ел біріншілігіне бір-ақ спортшы қатысқан! Ол қалай жетіледі, өседі?! Бәсекелестік жоқ. Бізге жеңіл атлетика жүйесін толықтай жаңғырту қажет, – деп түйіндеді өз сөзін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы.

kazathletics.kz

 

]]>
/archives/11445/feed 0
ЭСТАФЕТАШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЕКІНШІ СЕГІЗДІКТЕ ЖҮГІРЕДІ /archives/11408 /archives/11408#respond Sat, 12 Aug 2017 09:13:59 +0000 /?p=11408

ХVІ әлем чемпионатының 4х100 эстафетасын да бәйгеге түсетін қыздарымыз іріктеу сынында екінші сегіздікте жүгіретін болды.

Әйелдер арасындағы 4х100 эстафетасының іріктеу жарыстары Лондон уақытымен 10:35-те (Астана уақытымен – 15:35-те) басталады. Бұл – бірінші сегіздіңктің жүгіретін уақыты. Екінші сегіздік сөреден 10:44-те (15:44-те) шығады. Біздің қыздар – осы топта.

Финалға әр сегіздіктен алғашқы үш құрама бірден шығады (1-3 орындар). Сонда – алты құрама. Енді екі команда үздік уақыттары бойынша іріктелініп алынады. Яғни финалда бақ сынау құқығына сегіз мемлекеттің қыздары ие болады.

Ел намысын Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова сынды аруларымыз қорғайды. Викамыз жарақатынан толық айыққан жоқ. Бүгін ұйықтар алдында аяғына мұз басып, тағы да ем-дом қолданды…

* Ескерту: Үшінші бағандағы – әр құраманың 2017 жылғы ең үздік көрсеткіштері, ал соңғы бағандағы – жеке рекордтары.

Түпнұсқа: kazathletics.kz

Эстафеташы қыздарымыз екінші сегіздікте жүгіреді

]]>
/archives/11408/feed 0
ОЛЬГА РЫПАКОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛАСЫ ҮШІН ҚАНША АҚША ТАБАДЫ /archives/11341 /archives/11341#respond Wed, 09 Aug 2017 08:51:43 +0000 /?p=11341

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін 20 мың доллар табыс тапты, — деп хабарлайды vksport.kz.

Рыпакова жарыста 14,77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алған еді. Бұл оның маусымдағы үздік көрсеткіші. Қазақстандық жеңілатлет финалға бір ғана мүмкіндікпен бірінші орында шыққан болатын.

Басылымның мәліметінше, 20 мың доллар спортшының үшінші орын алғаны үшін жүлдесі. Чемпиондар болса 60 мың доллар алады екен. Ал әлем рекордын жаңартқан атлеттер 100 мың доллар көлемінде арнайы жүлде алады.

Қоса кетейік, 32 жастағы Рыпакованың қоржынында әлем чемпионаттарының үш медалі бар — Тэгу-2011 жарысындағы қола мен Бейжің-2015-тегі күміс медалінен кейін осы жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада ол жеңімпаз атанған еді

kaz.tengrinews.kz

]]>
/archives/11341/feed 0
ОЛЬГА РЫПАКОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ /archives/11325 /archives/11325#respond Tue, 08 Aug 2017 07:48:02 +0000 /?p=11325

Ольга Рыпакова Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Алтын Венесуэлаға, күміс Колумбияға кетті…

Үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы финалдық бәсеке Астана уақытымен түн қараңғысында өтті. Жүлдеден үмітті үш қыздың ішінен ең әуелі Ольга Рыпакова шығып, өз бағын сынады. Ол бірінші мүмкіндігінде 14,45 метрге секіріп, бірден көш бастады. Іле-шала Венесуэла аруы Юлимар Рохас пен Колумбияның мақтанышы Катрин Ибаргуэн сынға түсті.

Юлимар Рохас 14,55 метрді еңсерсе, Катрин Ибаргуэн одан да асып түсіп, 14,67 метрге секірді. Басқа қыздар үшеуіне ілесе алмай қалды. Өкінішке қарай, Ольга екінші мүмкіндігінде қарғу сызығын басып кетті. Әрине, оның бұл мүмкіндігі есепке алынбайды.

Ал Юлимар 14,82 метрге секіріп, Катрин 14,69 метрді еңсерді. Ольга үшінші мүмкіндігінде 14,77 метрге қарғып, екінші орынға шыққан. Бірақ ұзақ тұрмады. Ізінше Рохас өз көрсеткішін бір сантиметрге арттырып, Ибаргуэн 14,89 метрді еңсерді де, қайтадан бірінші орынға көтерілді.

Бұдан кейін Ольга 14,32 метрге, бесінші мүмкіндігінде 14,52 метрге, ал соңғысында 14,36 метрге секіріп, әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады. Ал Юлимар мен Катрин саф алтынға таласып, бәсеке көрігін мейілінше қыздыра түсті.

Венесуэла аруы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлимар Рохас бесінші мүмкіндігінде 14,91 метрге секіріп, Лондондағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Биыл 21 қазанда ғана 22-ге толатын талантты қыз көпшілікті тәнті етті.

Ал Рио Олимпиадасының чемпионы һәм екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу-2013 және Бейжің-2015), сондай-ақ 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында күміс жүлдегері Катрин Ибаргуэн өзінің үшінші мүмкіндігіндегі көрсеткішінен аса алмай қойды. Ең соңғы мүмкіндігінде барын салып-ақ еді, алайда 14,88 метрмен шектелді…

Сөйтіп, үш қарғып секіруші қыздар бәсекесі аяқталды. Ольга Рыпакова үшінші рет әлем чемпионатынан жүлде алды. 2011 Тэгуде күміс, ал 2015 Бейжіңде қола жүлдегер атанған қызымыз 2017 жылы Лондонда да үшінші орынға ие болды. Бұл – үлкен жетістік! Әрі 14,77 метр – оның биылғы ең үздік көрсеткіші.

]]>
/archives/11325/feed 0
РЫПАКОВА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ /archives/11314 /archives/11314#respond Mon, 07 Aug 2017 05:16:13 +0000 /?p=11314

Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысынан финалдық бәсеке өтеді.

Іріктеу сыны өтті, енді – финал

Сенбі күні іріктеу сыны өткен. Қазақстан жеңіл атлетикасының басты үміті Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде-ақ 14,57 метрге қарғып, бірден финалға шықты. Ал басты бәсекелестерінен тек Колумбия қызы, Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн де бірінші мүмкіндігінде финалда бақ сынау құрметіне ие болды. Бірақ оның көрсеткіші төмендеу болып шықты (14,21 метр ғана). Қалғандары екінші, тіпті үшінші мүмкіндіктерінде іріктеуден өте алды.

Соңғы айда аса жоғары нәтиже көрсете алмай жүрген Рыпакова осылай бәсекелестерінен асып түсті. Бұл оған психологиялық тұрғыда басымдық бере ме? Бәсекелестері таңданып, үдірейісіп қалған жоқ па? Көкейдегі осы сауалдарымызды Ольганың жеке жаттықтырушысы Сергей Алексеевке көлденең тартқан едік:

Жо-жоқ! О, не дегеніңіз. Финалға бірінші орынмен шыққаны психлогиялық тұрғыда ешқандай да басымдық бермейді. Барлық бәсеке – алда. Іріктеу сынның аты – іріктеу. Онда үш-ақ мүмкіндік беріледі. Жаза басып, екі рет секіру сызығын басып кетіп, содан кейін қобалжып-толқып, дұрыстап секіре алмай қалулары мүмкін. Сондықтан толқу басым болады. Жауапкершілік басып тұрады. Ал Ольганың бірінші мүмкіндігі өте сәтті орындалды. Ең бастысы, қарғу сызығын басқан жоқ. Биыл жоғары нәтиже көрсетіп жүрген үздіктердің, ығай мен сығайлардың бәрі финалға шықты. Іріктеу сыны артта қалды. Енді, финал, – деп жауап берді бапкер.

Чемпион болудан үміттілер аз емес

Рио Олимпиадасының чемпионы, жасы 33-тен асқан Катрин Ибаргуэн «мен үшінші рет әлем чемпионы болу үшін келдім, Риодағы жеңісім тамаша, әрине, бірақ мен онымен тоқталып қалғым келмейді» депті, IAAF сайтына берген сұхбатында.

Иә, ол 2013 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионаттарында алтынмен апталып, жеңімпаз атанған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Биылғы жылғы ең үздік көрсеткіші – 14,84 метр.

Ал биылғы жылғы ең үздік көрсеткіш Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Венесуэла аруы Юлимар Рохасқа тиесілі – 14,96 метр. Бірақ ол өзінің тек екінші мүмкіндігін де ғана финалға іріктеліп шыққанына ырза емес. Психологиялық тұрғыда ысыла түсуі керек екендігін білетінін, ерінбей тер төгіп жүргендігін тілге тиек етіпті. Алайда биыл 21 қазанда 22-ге толатын қыз – сөз жоқ, өте талантты.

Жалпы, Ямайка қызы Кимберли Уильямс те, Португалия үміті Пастрисиа Мамона да, финалға шыққан басқалары да осал емес. Бірақ біздің Ольга – тәжірибелі, сабырлы спортшы. Биылғы ең үздік көрсеткіші – 14,64 метр. Енді тек, бағы мен бабы қатар шапсын деп тілейміз.

Айтпақшы, финалда бақ сынайтын 12 қыздың тізімі – төмендегідей. Үшінші бағанда әрқайсының 2017 жылғы ең үздік көрсеткіштері, ал соңғы бағанда жеке рекордтары түзілген:

]]>
/archives/11314/feed 0
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА АҢЫЗЫ ӨЗІНІҢ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ /archives/11282 /archives/11282#respond Sun, 06 Aug 2017 03:19:10 +0000 /?p=11282

Ямайкалық сегіз дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы Усейн Болт өзінің спорттық мансабындағы 100 метр қашықтықтағы соңғы жарысында жеңіске жете алмады. Лондодна өтіп жатқан әлем чемпионаты спортшы үшін бар болғаны қола жүлдемен аяқталды.

Сөреде Болт кешігіп барып бастап, қашықтық ортасында қарсыластарын қууға тура келді. Нәтижесінде ол үшінші орынды қанағат тұтты. 100 метрдің жаңа чемпионы Америкалық Джастин Гэлин (9,92), күміс жүлдегер Кристиан Колмэн (9,94) болды.

Сайыс алдында Болт әлем чемпионаты оның спорттық мансабындағы ең соңғы жарысы болатынын айтқан болатын.

21 тамызда атақты Ямайкалық желаяқ 31 жасқа толады. Пекин, Лондон, Рио-де-Жанейро Олимпиадаларының қатысушысы спорттық мансабында 100, 200 метр және эстафеталық қашықтықта сегіз алтын медаль еншілеген. Одан бөлек әлем чемпионаттарындағы 11 жеңісі бар.
Усейн Болт — 100 метр және 200 метрлердегі қазіргі әлем рекордының иесі.

]]>
/archives/11282/feed 0
ӘПКЕСІ МЕН СІҢІЛІСІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСҚАН АРУ /archives/11279 /archives/11279#respond Sun, 06 Aug 2017 03:01:58 +0000 /?p=11279

Бүгін марафоншылар арасындағы аламан бәйгеде біздің елдің намысын көпшілікке беймәлім Елена Наназиашвили қорғайды.

Елена Наназиашвили 10 шақты жыл болды, Америкада тұрады (Айова штатында, Де-Мойн қаласында). Бірақ Қазақстан азаматшасы, Алматыда туған. Туыстарының көбісі кіндік қаны тамған отанында тұрады. Тұрмысқа шыққан. Сөйтіп, күйеуінің тегіне көшкен. Негізі, оның тегі – Шатная. Бұл спорт жанкүйерлерінің көбісіне таныс болар…

Бұлай дейтін себебіміз, апалы-сіңілі Шатнаялар – елімізге танымал спортшылар. Әпкесі Галина Шатная биылға дейін «суда мәнерлеп жүзу» деп аталып келген спорт түрінде ел намысын қорғаған. Әлия Кәрімова екеуі 2000 жылы Сидней Олимпиадасына қатысқан. Спорт журналисі Иван Резванцевке тұрмысқа шыққан.

Сіңілісі Екатерина Шатная үшсайыстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында біраз жыл өнер көрсетіп, 2004 жылы Афины Олимпиадасына қатысқан. Енді, міне, өзі Лондондағы әлем чемпионатында біздің елдің намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды…

Елена Наназиашвилидің әпкесі мен сіңілісінен айырмашылығы, спортпен әуесқой тұрғыда айналысады. Негізі, өзі қаржы холдингінде жұмыс жасайды. Бос уақытында жүгіреді. Биыл мамыр айында Юджин қаласында өткен марафонда 2-орын алып, 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 44 минут 12 секунд ішінде жүгіріп өткен. Яғни әлем чемпионаты нормативін (2:45:00) орындады.

Туған елінің, яғни Қазақстанның намысын қорғауға ниет білдірген өзі екен. Бұл күнде үлкен спортпен қоштасып, бапкерлік қызметпен айналысқалы жүрген Галина мен Екатеринаға «енді менің кезегім келді» деп, Қазақстан құрамасы сапына қосылған. Жалпы, Шатнаялардың тағы біреуі бар. Бірақ ең кішілері Аня спорт емес, білім «қуып» кетіпті. Содан соң інісі бар. Бәрі – бес ағайынды.

Мамыр айында әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болдым. Енді, ел намысын абыроймен қорғап шыққым келеді. Бар ойым – бүкіләлемдік IAAF рейтингісінде неғұрлым жоғары өрлеу. Ал басты мақсатым – Олимпиада ойындарына қатысу, – деп ағынан жарылды, ақжарқын Елена…

]]>
/archives/11279/feed 0