Бүгін Джакартада бокстан финалдық бәсекелер өтіп жатыр. 69 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов күміс жүлдегер атанды. Финалда Асланбек өзбекстандық Бобо Усман Батыровпен кездескен болатын. Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті өзбек боксшысына берді. Есеп: 1-3. Дереккөз: Olympic.kz
толық оқу»АЗИАДА-2018: ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ФИНАЛҒА ӨТТІ
Азия ойындарының жартылай финалына шыққан екі қазақ боксшысы да финалға жолдама алды. 75 келіде сынға түскен Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы, үндістандық Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша, Әбілхан Аманқұл тікелей финалдық бәсекеге жолдама алды. Енді Әбілхан финалда, филиппиндік Эумир Феликс Марсиал мен өзбекстандық Исраил Мадримов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен …
толық оқу»АЗИАДА-2018: БІРІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА
Бокстан Қазақтың салмағы деп аталып кеткен 69 келіде отандасымыз Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Асланбек ширек финалда қырғызстандық Абдураxманов Абдураxманды 5:0 есебімен жеңді. Енді, Асланбек Шымбергенов жартылай финалда иорданиялық Зеяд Еашашпен қолғап түйістіретін болады. Сурет: «Olympickz» Instagram парақшасынан
толық оқу»
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт