Манджукич пен Матюидидің соққан голдары «Ювентуске» жеңіс сыйлады.
Италия чемпионатының 3-ші кезеңі аясында, «Ювентус» сырт алаңда «Пармаға» қарсы ойын өткізген болатын. Өте тартысқа толы өткен кездесудің алғашқы минуттарында Марио Манджукич жылдам голдың авторы атанды. «Парма» ойыншылары да өз сәттерін мүлт жібермей бірінші таймның ортасында Жервиньо гол соғып, есепі теңестірді. Одан кейінде алаң иелерінің алдыға шығуға мүмкіндіктері болды, бірақ «Ювені» қақпа маңдайшасы құтқарып қалды. Осылайша, бірінші тайм тең есеппен аяқталды.
Екінші тайм басында Криштиану Роналдудың гол соғатын мүмкіндігі болған еді, бірақ ол дұрыс соққы жасай алмады. Ал ойынның 58-ші минутында Блез Матюиди, Манджукич пасынан гол соғып, командасын жеңіске жеткізді.
Футбол әлемінің жұлдыздарының бірі Роналду жаңа командасының сапнда толықтай үш ойын өткізгенімен, әлі де гол соға алар емес.
«Парма» 1:2 «Ювентус»
Голдар: 33′ Жервиньо — 2′ Манджукич, 58′ Матюиди.
«Парма»: Сепе — Гобби, Гальоло, Алвеш — Якопони, Штулац, Барилла, Ригони (Дейола 60′) — Жервиньо (Да Крус 61′), Инглезе, Ди Гаудио (Чераволо 80′).
«Ювентус»: Щесны — Куадрадо, Бонуччи, Кьеллини, Алекс Сандро — Хедира (Дибала 80′), Пьянич (Джан 73′), Матюиди — Бернардески (Коста 55′), Манджукич, Роналду.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт