«Атырау барыстары» баскетбол клубы Азия чемпиондарының кубогында сегізінші орын алды.
14 қазанда атыраулықтар ширек финалда ливандық «Аль-Рияди» клубымен күш сынасып, жеңіліп қалды. Сондықтан, келесі күні қазақстандық баскетболшылар бесінші орынға таласуға мүмкінік алды. Бірақ мұнда да жолдары болмады. «Барыстар» қытайлық командаға жол берді — 64:72.
Бүгін Атыраулықтар катарлық «Аль-Райан» клубымен турнирдің жетінші орнын сарапқа салды. Бұл кездесуде де «Барыстару» қарсыластарынан жеңіліп қалды — 78:84. Осылайша, қазақстандық команда Азия чемпиондарының кубогында сегізінші орын алды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт