Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЛМАТЫҒА ОРАЛҒАН ДЖИУ-ДЖИТСУ ШЕБЕРЛЕРІН ТОСЫП АЛҒАН СӘТ

АЛМАТЫҒА ОРАЛҒАН ДЖИУ-ДЖИТСУ ШЕБЕРЛЕРІН ТОСЫП АЛҒАН СӘТ

Джиу-джитсудан Азия ойындарында бірінші орын алған Руслан Исраилов пен қола жүлдегер Ризат Мақашев Алматыға оралды, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

Оларды халықаралық әуежайда достары, жақындары және Qazaqstan Top Team спортшылары ду қол шапалақпен қарсы алып, арнайы баннер дайындады. Олар Астана арқылы ұшып келді.

Алматылық Руслан 77 келі салмақ дәрежесінде күресіп финалда қырғыстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты ұтты. Жалпы ол 5 кездесу өткізді.

— Мен осы спорт түрі жазғы Азия ойындарының бағдарламасына кіргеніне қуаныштымын. Жарыстың деңгейі және бәсекелестік өте жоғары болды. Өзім екінші күресімде әлем чемпионы, қара белбеу иегерін ұтқан соң жеңісіме сенімді болдым. Бұл медальді барлық достарыма, отбасыма, жақындарыма, барлық қазақстандықтарға арнаймын. Енді алда, қыркүйек айында Швецияда өтетін әлем чемпионатына барсам деймін, — дейді Руслан Исраилов.

Сонымен қатар, Алматыға QQT клубының екінші өкілі Ризат Мақашевта 94 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

— Бізге қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс білдіргім келеді. Өз есімінді Қазақстан джиу-джитсу тарихына жаздырғаныма қуаныштымын. Қола үшін өзбекстандық спортшымен шықтым, жалпы 4 кездесу болды. Бірінші орынға сәттілік жетіспеді деп ойлаймын, барлық қарсылас мықты болды, — деп өз ойымен Ризат Мақашев бөлісті.

Айта кетер жайт, джиу-джитсу жазғы Азия ойындарына биыл алғашқы рет қосылды. Ел намысын дүбірлі додада бұл спорт түрінен 15 спортшы қорғады, оның 3 қыз. Жүлдегерлер қатарынан сондай-ақ Дархан Нортаев (алтын), Нартай Кажеков және Нұржан Сейдуалиев (екеуіде қола) көрінді.

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГЕРМАНИЯ — ФРАНЦИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Германия құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 6-шы қыркүйектен …