Басты бет / Басқа түрлер / ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖҮГІРУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖҮГІРУ ӨТТІ

Қызылордада Конституция күніне арналған жеңілатлетикалық жүгіру жарысы болып өтті.

Жарысқа қатысушыларды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Конституция күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту  мақсатын көздейтін шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушылар қаладағы Тағзым алаңынан бастап, Қонаев, Қазыбек би  көшелерінің бойымен Әйтеке би көшесі арқылы  орталық алаңға дейін 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Бұқаралық жүгіруге 3200 мемлекеттік мекеме қызметкерлері, спортшылар, еріктілер, жастар  және қала тұрғындары қатысты.

Нәтижесінде ерлер арасында қармақшылық Рахымжан Келманов мәреге бірінші болып жетсе, №4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы Расул Төребек екінші орынды иеленді. Ал  «Қайсар U-21» футбол командасының  ойыншысы Нұрсұлтан Кеңесов үшінші орынды қанағат тұтты.

Әйелдер арасында № 4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жеңіл атлетика бөлімшесінің оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. 1-орынды Галина Панасенко, 2-орынды Оксана Бикчурина, 3-орынды Ксения Власенко еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, мереке аясында орталық алаңда асық ату, гір көтеру, қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, стритболдан жарыстар өткізілсе, каратэ мен таеквондодан көрсетілімдер және гимнастикалық жаттығулар өтті.

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …