Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚАПШАҒАЙДА ALASH PRIDE FC ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ІРІ ДОДАСЫ ӨТТІ

ҚАПШАҒАЙДА ALASH PRIDE FC ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ІРІ ДОДАСЫ ӨТТІ

Кеше Қапшағайда өткен Alash Pride FC тұжырымының додасына әлемнің көптеген мемлекеттерінен жауынгерлер келіп, сегізбұрышта өз тартысқа толы жекпе-жектер өткізді.

Жекпе-жектердің нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:

1) 56,7 келіде
Тәжікстандық Хуршед Назаров (2-0) кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақстандық Бақтияра Мұхамедияровты жеңді

2) 70,3 келіде
Қазақстандық Мақсат Өміртаев (2-0) ресейлік Шамиль Алиевті (3-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді

3) 83,9 келіде
Қазақстандық Диар Нұрхожаев (2-0)  өзбекстандық Хасан Бозорды бірінші раундта аяғын ауырту әдісімен жеңді

4) 65,8 келіде
Өзбекстандық Уайс Тлегенов қазақстандық Олжас Нұркасымды (4-1) жеңді

5) 66,2 келіде
Қырғызстандық Амирбекуулу Куштарбек (5-2) қазақстандық Асхат Акімовпен (1-0) тең түсті

6) 61,2 келіде
Өзбекстандық Максаджон Юсупов (6-2) қазақстандық Талғат Халмұратовты (2-1) төрешілердің шешімімен жеңді

7) 65,8 келіде
Қазақстандық Темірлан Айсаділов (6-1) қырғызстандық Акимжан Бектемируулун бірінші раундта нокаутпен жеңді

8) 61,2 келіде
Қазақстандық Таксим Забитов (3-0) тәжікстандық Холбой Эмомалиді (2-2) үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді

9) 61,2  келіде
Қазақстандық Бекзат Әлмахан (1-0) монғолиялық Сэр-од Билгүүнді (3-0) екінші раундта жалғастырудан бас тартуына байланысты жеңді

10) 77,1 келіде
Қазақстандық Дмитрий Кудинов (3-1) отандасы Сағындык Мұқановты (3-1-1) төрешілердің шешімімен жеңді

11) 70,1 келіде
Қазақстандық Дәулет Отарбаев (дебют) монғолиялық Наранцэцэг Цацралды (3-0) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді

12) 81 келіде, К1 белбеу үшін
Қазақстандық Ғалымжан Қанаев (5-1) қарсыласы тәжікстандық Олим Хаитбекті (6-1) бірінші раундта нокаутпен жеңді

13) +93 келіде, Басты жекпе-жекте
Қазақстандық Евгений Егембердиев (7-1) өзбекстандық Муродбек Азимовты (1-0) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, Alash Pride FC тұжырымының Чемпионы атанды

 

Дереккөз: Alash Pride FC Instagram парақшасы

Сондай-ақ

БОНУЧЧИ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ, АЛ КАЛЬДАРА «МИЛАНҒА» ЖОЛ ТАРТТЫ

«Ювентус» пен «Милан» клубтары ойыншыларымен алмасты. 2017-шы жылы жазғы ауысым кезінде 42 миллион еуроға «Ювентустан» …