«Чемпионат» спорт порталы хоккей сүйер қауым арасында «ҚХЛ тарихы аясындағы ең үздік жауынгер» сауалнамасын жүргізген болатын. Бұл тізімде Қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев ойып тұрып орын алды.
Ең көп 933 дауысты Дамир Рыспаев еншілеп отыр. Екінші орындағы Александр Свитовта 805 дауыс. Тағы бір танымал хоккейші Евгений Артюхинде 638 ұпай. Қалған Крис Саймон, Джон Мирасти, Джереми Яблонски және Дарси Веро 400 ұпайлық межеге жетпеген.
Дегенмен, жас Қазақстандық қорғаушы бүгінгі күндері өз көзқарасын өзгертті. Дамир тез арада ҚХЛ-ға оралғысы келеді. Қазір ол Қазақстан чемпионатында «Номад» құрамасы сапында ойнап жүр. Бір қызығы 15 ойын өткізіп, 2 ұпай еншілеген. БАСТЫСЫ ешбір ойында тәртіп бұзбады.