Месси, Роналду, Мбаппе және тағы жеті футболшы ФИФА-ның нұсқасы бойынша «The Best» сыйлығына таласатын болды деп жарияланды.
Бұл футболшыларды тізімге қосқандар бұрынғы ФИФА аңыздары Лотар Маттеус, Алессандро Неста, Роналдо, Дидье Дрогба, Кака, Фабио Капелло, Фрэнк Лэмпард және т.б.
Үміткер он футболшы:
хорват Лука Модрич «Реал»
ағылшын Харри Кейн «Тоттенхэм»
египеттік Мохамед Салах «Ливерпуль»
аргентиналық Лионель Месси «Барселона»
португалиялық Криштиану Роналду «Ювентус
белгиялықтар Эден Азар «Челси» және Кевин де Брюйне «Манчестер Сити»
француздар Рафаэль Варан «Реал», Антуан Гризманн «Атлетико» және Килиан Мбаппе «ПСЖ»
«The Best» сыйлығының жеңімпазын анықтауда бапкерлер, ұлттық құрама капитандары, тілшілер және жанкүйерлер дауыс беріп анықтайды. Барлық төрт топта да бірдей 25 пайыздық дауыс мөлшері бар. «The Best» сыйлығының марапаттау рәсімі 24-ші қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді.
ФИФА-ның нұсқасы бойынша «The Best» сыйлығын және France Football-дың табыстайтын «Алтын доп» сыйлығын 2016-шы және 2017-шы жылдары Роналду ұтқан.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт