УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Динамо Загреб» өз алаңында «Фенербахче»-мен ойын өткізеді.
Загреб қаласындағы 38 923 көрермен сиятын «Максимир» стадионында өтетін кездесу бүгін, 20-шы қыркүйектен 21-ші қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға ағылшындық маман Крейг Поусон өз тобымен төрелік ететін болады.
Айта кетсек, D тобында «Динамо Загреб» пен «Фенербахче» клубтарынан бөлек, бельгиялық «Андерлехт» және словакиялық «Спартак» клубтары өнер көрсетеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан