Басты бет / Бокс / МАҒАН 12 РАУНДТЫҚ АЙҚАС ҚАЖЕТ БОЛДЫ — ГОЛОВКИН

МАҒАН 12 РАУНДТЫҚ АЙҚАС ҚАЖЕТ БОЛДЫ — ГОЛОВКИН

 

Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин төрешілер шешімімен Даниэль Джейкобстан басым түсуіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл бокс. Маған төрешілер шешімі болатын 12-раундтық жекпе-жек қажет болды. Бұл менің алғашқы тексеріп көруім. Маған жақсы, сапалы айқастар қажет. Егер Дэнни қайта айқасуды ұсынса, әрине мен оған тағы да мүмкіндік беремін», — деді Геннадий жекпе-жектен соң.

Аса тартысты жекпе-жектен кейін екі боксшы бір-бірін қайта-қайта құшақтап, ерекше ілтипат көрсетті. Дэниэль Джейкобс Головкинді аса құрметтейтінін айтып, ағынан жарылды. Генаның жанкүйерлері де әлеуметтік желілерде Дэннидің лайықты қарсылас болғанын жазып, шиеленіске толы айқас үшін алғыстарын жаудырды.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …