«Атырау» футбол клубының бас бапкері Зоран Вулич «Тобыл» командасына қарсы өткізген ойыннан кейінгі пікірімен бөлісті:
— Бүгін үздік команда жеңіске жетті, бір ойыншы жеңіске жетті, ол — Щеткин. Ол өте жақсы ойын көрсетті. Екінші ойында жақсы өткізіп, ұпай жинауымыз керек.
— Екінші кезеңде құрама жинала бастағандай болды, үзілісте қандай нұсқау бердіңіз?
— Біз желге қарсы ойнадық. Сондықтан қиын болды. Қос құрама да ойынды жақсы бастады. Кейін «Тобыл» жылдам гол соғып алды. Үзілісте берген тапсырмамды команда орындай алмады.
— «Тобыл» бүгін сізді таң қалдыра алды ма?
— Білмедім. Бүгін біз өте нашар ойнадық «Тобыл» құрамасына бүгінгі ойын үшін алғыс айтамын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін.
— «Тобыл» ауыр қарсылас па?
— Жоқ, әдеттегідей команда. Жинақылық пен жақсы ойыншылар бар екен.
— Ойыншыларыңызда қандай тапсырма болған?
— Жеңу. Әр ойын сайын тапсырма біреу — жеңу.
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі. Аударған dodasport.kz сайты.