Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин қола медаль иеленді.
Әділбектің уақыт көрсеткіші — 23.73. Бұл осы қашықтықтағы Қазақстанның жаңа рекорды!
Алтын жүлде иеленген сингапурлық спортшы 23.61, күміс жүлдегер қытайлық 23.65 уақыт көрсеткішінде мәреге келді.
Әділбек Мусин іріктеу айналымын да осындай көрсеткішпен аяқтаған еді. Әділбек небары 18 жастағы спортшы. Ол Азия ойындарында өзі қатысқан жарыстың барлығында финалға жолдама алды.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт