«Астана» 15-кезеңді ғаламат жүріспен өткізіп, өзінің «Испания Вуэльтасында» мықты командалардың бірі екенін дәлелдеді. Қазақстандық команда алдымен алға озғандарды қуып жетті де, кейіннен өз капитаны Мигель Анхель Лопесті шабуылға дайындады.
Бүкіл команда бүгін мықты жүрді. Лагос де Ковадонга 7 шақырым қалғанда Пельо Бильбао мен Ян Хирт алдыңғы қатардағы жұмысын тоқтатты. Артынша Мигель Анхель Лопестің дербес шабуылы орын алды. «Астана» капитаны Тибо Пиноның шабуылына дейін алдыңғы шепте бір шақырымдай жер бойы басымдылығын сақтап тұрды. Мигель Анхель Лопес соның артынан жүріп отырды да, франциялыққа 28 секунд уақыт жеңіліп қалды. Ал үздік үштікті лидердің қызыл жейдесін киген Саймон Йейтс қорытындылады.
— Мен біздің команданы керемет еңбек еткені үшін мақтағым келеді. Менің жолдастарым тамаша кезең өткізіп, «Астананың» «Вужльтадағы» үздік ұжым екенін көрсетті. Маған осындай шабуылдар қатты ұнайды. Себебі, осындай кезде өзіңнің нағыз бәсекелесіңнің кім екенін анық ұғасың. Бүгін мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Дегенмен, жеңіске жетпегеніме сәл өкініп те тұрмын. Негізгі мақсатым кезеңнің жеңімпазы атану болатын. Бірақ бүгін күштірек болған адам жеңіске жетті. Мен 1,5 шақырым қалғанда шабуылға шықтым. Алайда соңғы 200 метр маған қатты ауыр тиді. Дей тұрғанымен менде осы жарыста екінші рет екінші орын жүлдесі бар. Мен осы «Вуэдьтадағы» күресімді одан әрі жалғаймын. Алдымызда доданың үшінгші аптасы тұр. Менің қуанатыным сол маңызды кезеңдерге мен өте жақсы бабымда келіп тұрмын. Барлық фавориттер бір-біріне өте тығыз орналасқан. Демек, жарыстың тағдыры әлі шешілген жоқ, — деді Мигель Анхель Лопес.
«Вуэльта Испания» жарысының 15-кезеңі аты аңызға айналған шың Лагос де Ковадонгада (178,2 шақырым) аяқталды. Британиялық саймон Йейтс Алехандро Вальвердеден 26 секундқа озып, жалпы есепте көш бастады. Ал Наиро Кинтанамен Мигель Анхель Лопес лидерден 43 секундқа кеш келеді.
Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан
Дереккөз: AstanaProTeam.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт