Басты бет / Басқа түрлер / ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОШЕРУ «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫМЕН ЖАЛҒАСАДЫ

ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОШЕРУ «ЖҰЛДЫЗАЙ» СПАРТАКИАДАСЫМЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Алматыда маусымның 25-і  Олимпиада күніне арналғанқалалық велошеру өтеді. «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында өткізілетін спорттық іс-шара осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылмақ. Спорттық шараның ұйымдастырушылары ҚР ҰОК мен Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады.

 Әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынаң басталып «Динамо» стадионында аяқталатын 12 шақырымдық қашықтықты бағындырып, мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар  арасында өтетін «Жұлдызай» спартакиадасын тамашалауға мүмкіндік алады.Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылады.  Жарыс спорттың алты  түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шахмат, шашки  және асық атудан белгілі ережелер бойынша  өтеді. Спартакиадада  10-15 жас аралығындағы балалар өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін тоғызыншысы болып саналады.

 

Сондай-ақ

ТАҒЫ БІР ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ АҚШ-ҚА АТТАНДЫ

Қазақстандық тағы бір жас боксшы Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста бағын сынау үшін АҚШ-қа аттанды. Мұса …