Осы күнгі архивтер: 11.10.2018

2022 ЖЫЛҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ СЕНЕГАЛДА ӨТЕДІ

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді. Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті Буэнос-Айрестегі сессияда бірауыздан қолдады. Сенегалда өтетін халықаралық дода Африка құрлығындағы алғашқы Олимпиада жарысы болмақ. Сенегал президенті Макси Салл: «Бұл шешіміңіз Олимпиада тарихында болмаған жағдай. Біздің мемлекет пен түгел Африка құрлығы үшін үлкен мәртебе», деді. Олимпиада ойындарын …

толық оқу»

НЕЙМАР ПОГБАНЫ «ПСЖ»-ҒА АУЫСУЫҒА ҮГІТТЕУДЕ

Париждік клубтың бразилиялық шабуылшысы өз командасында «Манчестер Юнайтед» клубындағы әлем чемпионын көргісі келеді. Goal ақпараттық порталының хабарлауынша, Неймар «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погбаға телефон соғып, оның «ПСЖ» клубына ауысуына үгіттеген. Француздық ойыншымен «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Жозе Моуриньо арасында кикілжің пайда болған еді. Ал бұл жайт Неймардан …

толық оқу»

БЕКАРЫС СӘДУАҚАС АРАЛАС КОМАНДАЛЫҚ СЫНДА ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошылар додасы аяқталды. Қазақ балуаны Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды. Бекарыс Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге «Лондон» командасының намысын қорғаған болатын. Жартылай финалда «Лондон» аралас командасы «Бейжің» командасынан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Еске сала кетейік, Бекарыс Сәдуақас …

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ПОЛЬША — ПОРТУГАЛИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Португалия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 11-ші қазаннан 12-ші қазанға қараған түні Хожув қаласының «Шленски» стадионында Польша құрамасы Португалия құрамасын қабылдайды. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде, А лигасының 3-ші …

толық оқу»

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі белгілі болды. Отандасымыздың ісін жүргізетін менеджері Зия Алиевтің айтуынша, Данияр Елеусіновтің қарсыласы 30 жастағы америкалық боксшы Мэтт Догерти (8-5-1, 4 КО). Жекпе-жек 20-шы қазан (Астана уақытымен 21-ші қазан) күні Бостондағы бокс кешінде өтеді. Айта кетсек, Данияр …

толық оқу»

ЗИДАН «БАВАРИЯ» КЛУБЫНЫҢ ЖАҢА БАС БАПКЕРІ АТАНУЫ МҮМКІН

Mirror басылымының хабарлауынша, «Реал Мадрид» клубының бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан мюнхендік «Баварияның» жаңа бас бапкері атануы мүмкін. Басылымының ақпараты бойынша, неміс командасының басшылығы клубтың соңғы нәтижелеріне уайым білдіруде, және де «Баварияның» қазіргі бас бапкері Нико Ковачты орынынан алуды қарастыруда. Хорватиялық маманның орынына Зиданның үміткерлігін қарастыруда. Сондай-ақ, бұған дейін француздық …

толық оқу»

«ЧЕЛСИ» АЗАРДЫҢ САТЫЛЫМЫ ҮШІН «РЕАЛ МАДРИДКЕ» ШАРТ ҚОЙДЫ

Football Espana басылымының хабарлауынша, Лондондық «Челси» өзінің жартылай қорғаушысы Эден Азарды сатып алғысы келетін мадридтік «Реал» клубына шарт қойыпты. Басылымының ақпараты бойынша, «Челси» клубы 27 жастағы бельгиялықтың «Сантьяго Бернабеуге» ауысуы тек бір шарт орындалса ғана жүзеге асады, ол шартта ауысым келісімшартына «Реал Мадрид» клубының ойыншысы Марко Асенсионың қосылуы тиіс. Бірақ, …

толық оқу»

«АЛМАТЫ» ҚОЛ ДОБЫНАН КЛУБТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

«Алматы» қол допшылары клубтар арасында өткен үшінші Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды. Биыл байрақты бәсеке қазанның 3-і мен 9-ы аралығында Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде өтті. Жарысқа қазақстандық «Алматы», «Қайсар» және «Астана», өзбекстандық «АГМК», ирандық «Ларестан» және үндістандық «Т-Спортс» командалары қатысты. «Алматы» қол допшылары барлық бес ойында жеңіске жетіп, доданың жеңімпазы …

толық оқу»

ӘЛИ АХМЕДОВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҮШІН САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (12-0, 9 КО) пен қарсыласы мексикалық боксшы Хавьер Гомес (17-14, 11 КО) NABF Junior белбеуі үшін өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жекпе-жек ертең, 12-ші қазан күні Коста-Месадағы (Калифорния штаты, АҚШ) «The Hangar» аренасында өтетін бокс кешінде өтеді. Айта кетейік, …

толық оқу»