Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: БЕЛЬГИЯ — ШВЕЙЦАРИЯДАН БАСЫМ ТҮСТІ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: БЕЛЬГИЯ — ШВЕЙЦАРИЯДАН БАСЫМ ТҮСТІ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында Бельгия құрамасы мен Швейцария құрамасы кездесу өткізді.

Брюссель қаласында өткен ойында алаң иелерінің шабуылшысы Ромелу Лукаку дубль авторы атанып, 2:1 есебімен командасын жеңіске жеткізді.

Ұлттар лигасының үшінші кезеңінің нәтижесі бойынша, А лигасының 2-ші тобында Бельгия құрамасы алты ұпаймен бірінші, Швейцария құрамасы үш ұпаймен екінші, ал Исландия құрамасы ұпайсыз соңғы орында тұр.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Швейцария құрамасы өз алаңында Исландия құрамасына қарсы ойын өткізіп, ірі 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал екінші кезеңде Исландия құрамасы Бельгия құрамасынан 0:3 есебімен жеңілген болатын.

Бельгия 2:1 Швейцария

Голдар: Лукаку, 58, 84 — Гавранович, 76.

Бельгия: Куртуа — Тоби, Компани, Вермален (Бойата, 73) — Менье, Тилеманс, Витсель, Карраско (Шадли, 76) — Мертенс (Т. Азар, 90+2), Лукаку, Э. Азар.

Швейцария: Зоммер — Ланг, Эльведи, Шер, Родригес — Фрейлер (Фасснахт, 87), Закария (Фернандеш, 83), Джака, Цубер — Шакири, Сеферович (Гавранович, 69).

Сурет: Uefa.com сайтынан

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 7 КО) чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегінің бейнежазбасы …