Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АСТАНАДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ ҚАРСАҢЫНДА ММА-ДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

АСТАНАДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ ҚАРСАҢЫНДА ММА-ДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ММА-дан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынына Ақтөбе қаласына аттанды. Спортшылар екі апта бойы Астанада 6-7 қазан күндері өтетін WMMAA нұсқасы бойынша V әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалады.

 ММА-дан Қазақстан құрамасының 10 спортшысы, оның ішінде екі нәзік жан ММА-дан әлем чемпионатына дайындықты күшейтпек. Қазақстан құрамасының негізгі құрамы белгіленген. Бірақ оқу-жаттығу жиыны барысында кейбір өзгерістер енгізілуі ықтимал:

  1. Қадырбаева Зарина, 52,2 келі салмақ дәрежесінде
  2. Агапова Мария, 61,2 келі салмақ дәрежесінде
  3. Әділов Санжар, 56,7 келі салмақ дәрежесінде
  4. Төлеш Абылай, 61,2 келі салмақ дәрежесінде
  5. Муцник Денис, 65,8 келі салмақ дәрежесінде
  6. Бахтыбаев Азамат, 70,3 келі салмақ дәрежесінде
  7. Ықсанғалиев Темірлан, 77 келі салмақ дәрежесінде
  8. Інжел Еркінбек, 84 келі салмақ дәрежесінде
  9. Мәди Райхан, 93 келі салмақ дәрежесінде
  10. Астапов Саша, 93 келі салмақ дәрежесінде

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Айбек Шоқпытов спортшылар «Әлихан» спорттық кешенінде әлемдік деңгейдегі додаға дайындалуда. Олармен кездесіп, оқу-жаттығу жағдайымен танысу үшін ҚР ММА, панкратион және греплинг Ұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекеев келді.

— Біздің спортшылардың дайындығына куә болдым. Жаттығу залы ыңғайлы. Олардың демалуына арналған бөлмелерді араладық. Тамақтандыру деңгейі көңіл көншітеді. Жалпы Астанадағы әлем чемпионатына дайындық үшін қолайлы жағдай жасауға тырыстық, — деді ол.

ММА бойынша V әлем чемпионатын ММА, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясы Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ұйымдастырып отыр.

 Анықтама: ММА ((Mixed Martial Arts — аралас жекпе-жек) — әлемде жедел дамуға бет алған спорт түрлерінің бірі. Аралас жекпе-жек АҚШ, Еуропада, Қытайда, Үндістанда және әлемнің басқа мемлекеттерінде қарқынды алды. Қазақстанда аралас жекпе-жекке көпшіліктің қызығушылығы жыл санап артуда және спорттың бұл түрінің келешектегі басымдықтары ауқымды. Бүгінде  ММА бойынша Қазақстан құрамасы – әлемдік әуесқой аралас жекпе-жек бойынша көшбасшылардың бірі.

ММА, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …