Басты бет / Бокс / КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Бокс спорты әлемдегі ең танымал, әрі қызықты спорт түріне жатады. Боксшылар кәсіпқой деңгейге шығып, миллиондаған көрермен алдында бақ сынайда. Әрине, Қазақстанда бұндай жоғары дәрежедегі спортшылар жетерлік. Ал қыздар арасында әзірге жалғыз. Ол — Шарипова Фируза.

Шарипова Фируза 1994 жылдың 29 тамыз күні Таразда (Жамбыл) дүниеге келген. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы 58,967 кг (130 фунт) әйелдер арасындағы қазақстандық кәсіпқой боксшы.

Бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының жүлдегері. 2016 жылдың 21 мамыр күні кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде Лондон Олимпиадасының күміс жілдегері Софья Очигавамен (дебют) жұдырықтасты. Бұдан кейін әлемдегі алғашқы әйелдер боксының промоутерлік компаниясымен екіжылдық келісім-шартқа отырды. Жерлесімізге алғашқы кездесуі оңайға түспеді. Қарсыласы Ресейлік спортшы мықтылығын танытты.
Бұған қарамастан Феруза тек алдыға ұмтылмақшы. Келесі кездесуі 30 шілде күні Estadio Испаниядағы Manolo Maciá, Santa Pola, Comunidad Valenciana спорт сарайында итальяндық Анжела Канецаромен (5-3-0) 4 раундтық кездесу түрінде өтеді.

Сондай-ақ

«КАНЕЛОНЫ» НОКАУТҚА ТҮСІРІП, ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУЛЕРІМДІ САҚТАП ҚАЛҒЫМ КЕЛЕДІ — ГОЛОВКИН

Орта салмақғы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ESPN арнасындағы A …