ҚХЛ: «БАРЫС» СЫРТ АЛАҢДА «АВАНГАРДТАН» ЖЕҢІЛДІ

Құрлықтық хоккей лигасы он бесінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізді.

«Балашиха Арена» стадионындағы ойын өте тартысты өтті. Елордалық «Барыс» үш таймда да бір шайбыдан соғып алдыға шығып отырған алаң иелерінің қақпасына жауапты шайбыны соғып, есепті теңестірумен болды. Бірақ, үшінші таймды сәтті өткізген «Авангард» 5:3 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» келесі ойынын, 16-шы қазан күні сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.

«Авангард» (Ресей) — «Барыс» (Қазақстан) 5:3 (1:1, 1:1, 3:1)

Шайбылар:
1:0 Деарне (Пережогин) 05:25
1:1 Диц (Старченко) 19:40
2:1 Широков (Покка, Емелин) 23:54
2:2 Фрэттин (Бойд, Даллмэн) 39:40
3:2 Михеев (Покка, Емелин) 44:36
3:3 Бойд 46:17
4:3 Емелин (Верстиг) 50:39
5:3 Михеев (Фисенко) 59:36

Сурет: «Авангард» клубының сайтынан

Бөлісу: