Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында Түрксіб ауданында 5-8 сынып оқушылары арасында жарыстар басталды, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Спорттың төрт түрінен өткен жарыстарда алғашқысы № 31, 17 және 11-ші жалпы білім беретін мектептерінде өтті. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, шағын футбол мен баскетбол, сондай-ақ, секіру мен пенальтиден бақ сынасты.

Барлық мектептерде спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырушылар мен мектеп мұғалімдерінің ізгі тілектерімен басталды. Артынша оқушы қыздар мен ұлдар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлдегерлер медаль мен дипломдармен марапатталды.

— Арқан тартудан екінші орын алдық, өте қызықты болды. Ойнамағанымызға көп болған еді, ұйымдастырушыларға рахмет, — деп №31-ші мектеп оқушысы Бекжан Сейтов өз ойымен бөлісті.

«Спорттык Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ

UFC FIGHT NIGHT 136: МАРК ХАНТ — АЛЕКСЕЙ ОЛЕЙНИК ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 15-ші қыркүйек күні, Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен UFC FIGHT NIGHT 136 додасы өтеді. UFC …