Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Қазан айының 21-і мен 22-і күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде қазақ күресінен «Жас Барысы» қалалық іріктеу турнирінің жалауы желбірейді. 

Боз кілем бәсекесі қазақ күресінен Әлемдік Федерацияның төрешілік ережелеріне сәйкес, екі кезең бойынша ұйымдастырылады. Біріншісі: қаланың 8 аймағы арасындағы жеке жекпе-жектер болса, ал екінші шешуші кезең: командалар арасында. Қатысушылар үш жастық санатта бәстесетін болады: 14-15, 16-17, 18-19.

Жарыстың басты мақсаты қазақ күресін жастар мен жасөспірімдер арасында насиxаттау, сондай-ақ, спортшылар шеберлігін арттыру.

Айта кетер жайт, салмақ өлшеу рәсімі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде қазанның 20-сы күні өтсе, ал салтанатты ашылу рәсімі қазанның 21-і күні өтетін болады.

Сондай-ақ

«БАРСЕЛОНА» «КАМП НОУДА» «МАЛАГАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания біріншілігінің 9-шы кезеңі аясында өткен ойында, «Каталондықтар» өз алаңында «Малаганы» ешқандай қиындықсыз жеңді. «Барселона» …