Али Ахмедов пен Али Балоев жекпе-жек өткізу үшін Польшаға аттанды. Кездесулер Варшава қаласныда 11-ші наурыз күні өтеді.
«Дайындық аяқталды. Енді Польшаға аттандым. Жекпе-жек 11-ші наурыз күні өтеді. Барлықтарыңызға қолдауларыңызға рахмет!» — деп жазады Ахмедов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Ахмедовтың келесі қарсыласы Гамбия елінің өкілі Патрик Менди болмақ. Ол әлемдік рейтингіде 50-ші сатыға жайғасқан. Алдағы жекпе-жек 8 раундтан тұрады.
Али Балоевтың қарсыласы жергілікті боксшы Артур Навроцкий.
Естеріңізге сала кетсек, 21-жасар қазақстандық жартылай ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Али Ахмедов кәсіпқой рингтегі 5 кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, оның төртеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, Балоев бір кездесу өткізіп, оны уақытынан бұрын аяқтаған.