17-19 наурыз аралығында Грекияның Афина қаласында джиу-джитсудан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың үшінші күні төрт спортшымыз жүлдегер атанды.
50 келі салмақта Бегасыл Еркебұлан файтинг түрі бойынша күміс жүлдегер атанды. Үш спортшымыз неваза түрі бойынша қола медальді еншіледі. Олар: Ермек Рахат 46 келі, Рыспаев Ұлан 66 келі және Мырзатай Рамазан +81 келі.
Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатынан жалпы саны 14 медаль еншілеп отыр.