Басты бет / Бокс / МАКСИМ ГОЛОВКИННІҢ БОКСШЫ РЕТІНДЕГІ МАНСАБЫ

МАКСИМ ГОЛОВКИННІҢ БОКСШЫ РЕТІНДЕГІ МАНСАБЫ

 

Максим Головкин өзінің қалай чемпион болғанын және WBA, IBO, WBC, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, әрі өз інісі Геннадий Головкинге ұлттық құрамада өнер көрсетуге неге жол бергенін айтып берді(36-0, 33 КО).

Ол өзінің 24/7 арнасында берген сұxбатында:
«Мен Геннадиймен бір салмақта екі рет кездескенімді білемін. Алғашында мен жеңілдім, содан кейін оның кезегі келді. Солай мен Қазақстан чемпионы болдым. Кеңестік Қазақстан дәуірінде ұлттық құрама сапында өнер көрсету үшін ақша қажет болатын. Мен өзімнің отбасым кедей болды демеймін, бірақ Геннадий екеуміз бірге ұлттық құрамада өнер көрсетуге ақшамыз жетпеді. Сол кезде Геннадийде құлшыныс мен жігерлілік байқалды. Мен Геннадийдің пайдасы үшін өзімнің мансабымды аяқтағаныма ешқашан өкінбеймін.

Мен өз інімді мақтан тұтамын. Бізге 10-20 жас болғанда, жаттығуда төгілген қан мен тер әлі есімде. Ол осы уақытқа дейін жетістігіне қарамастан, Геннадийде әлі жігерлілік бар, ол әлі талай шыңды бағындырғысы келеді.Ол біздің қанымызда бар, біз жеңілуді білмейміз»-деді.

Естеріңізге сала кетсек, Максим Головкин өз мансабын аяқтаған соң, ол жаттықтырушылардың қатарына қосылады. Қазір ол өз інісінің командасында.

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden стадионында орта салмақтағы WBA чемпионы Дэниел Джейкобспен жекпе-жекке шығады.

Сондай-ақ

ЗОРАН ВУЛИЧ: «ТОБЫЛ ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ЖИНАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ»

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Зоран Вулич «Тобыл» командасына қарсы өткізген ойыннан кейінгі пікірімен бөлісті: …